13
ноябрь
2021
13.11.2021 жылы мектебімізде 5-11 сынып ата-аналарына арналған мектепішілік жиналыс өткізілді.
Күн тәртібінде: 1. 2021-2022 оқу жылы, І тоқсанның аяқталуы және алдағы міндеттер; Оқу ісінің меңгерушісі Зина Кадировна.
2. Қазіргі пандемия жағдайындағы санитарлық талаптардың орындалуы және оқушылардың тәртібі; Тәрбие ісінің меңгерушісі Жадыра Жумагалиевна
3. «Бала құқығы - адам құқығы» Республикалық айлық аясында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» акциясы; “Uylesim VKO” қоғамдық ұйымының жетекшісі, Nur Otan партиясының қоғамдық кеңес төрайымы: Жулдыз Сейтқұмарқызы баяндама жасады.
4. “Кәмелетке толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу” жөнінде Солжағалау полиция бөлімі капитан полиция Кешубаев Ерасыл және аға лейтенат Жукенов Гульдана Турсынзаданова әңгіме жүргізді.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, ата-аналар тарапынан сұрақ-жауап болды.
жиналыстың соңғы сәтінде мектепішілік қоғамдық жұмыстарға белсенділік танытып, дамуына зор үлес қосып жүрген ата-аналар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай марапатталды.
жиналысқа қатысқан ата-аналар мектеп туралы жақсы пікірлер айтып, алғыс білдіріп, жағымды көңіл-күймен тарқасты.