18
март
2022
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын!!!
Бүгін мектебімізде Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне арналған мерекелік кеш өткізілді.Ұлттық өнерді,салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ән шырқалып,күй ойналып,кешіміз бүлдіршендердің қазақ биімен жалғасты.Осындай тағылымы зор шарада тек мектеп оқушылары ғана емес ата-әжелер,ата-аналар да белсенділік танытып,жиналған қауымға бата беріп,шашу шашты.Бұл кешке келген әрбір көрермен үлкен әсер алып қайтты.
✨Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!Ақ мол болсын,қайда барсаң,жол болсын! Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Барыс жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!