03
ноябрь
2025
Ақпарат
ХАБАРЛАНДЫРУ
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ бос және (немесе) уақытша бос лауазымына педагогтарды тағайындау үшін конкурс жариялайды.
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Жастар 31/3
Жұмыс тел: 8 (7232) 60-84-86
Эл.почта:47_mektep_oskemen@vko.edu.kz
Бос лауазым:
Педагог-ассистент - 1 бірлік.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғахабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық түрінде https://hr-nobd.edu.kz/ сілтемесі бойынша және қағаз түрінде жолдайды:
1) Қағиданың 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисіне алынған электронды құжат (идентификация үшін);3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы ( нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген- бар болса);4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі;5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);6) Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.11.2025-12.11.2025 ж.ж. аралығында.
Құжаттарды қарау: 13.11.2025-18.11.2025
Конкурс өтетін күн: 19.11.2025
Байқау осы сілтеме негізінде өтеді: https://hr-nobd.edu.kz/ барлық ақпарат осы сайтта.