ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 3-тарауының 1-параграфына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ бос және (немесе) уақытша бос лауазымына педагогтарды тағайындау үшін конкурс жариялайды.
Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Жастар 31/3
Жұмыс тел: 8 (7232) 60-84-86
Эл.почта:school47ukg@yandex.kz
Бос және уақытша бос лауазымдар:
- Әлеуметтік педагог – 1 бірлік (бос орын);
- Биология пәні мұғалімі - 1 бірлік (уақытша бос);
- Технология пәні мұғалімі – 1 бірлік (уақытша орын);
- Бастауыш сынып мұғалімі – 1 бірлік (уақытша орын);
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
- Қағиданың 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілген құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисіне алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы ( нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрметілген- бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмесі;
- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы! Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №21579 болып тіркелген).
- Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- Наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі-ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
- 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
- Құжаттарды қабылдау мерзімі: 01.09.2022-09.09.2022ж.ж. аралығында.
- Құжаттарды қарау: 12.09.2022-14.09.2022ж. аралығында.
- Конкурс өтетін күн:15.09.2022ж.
Посмотреть онлайн файл: 11-osymsha_baalau-paray.doc
Посмотреть онлайн файл: tnsh.doc