Хабарландыру
Дұрыс тамақтанудың пайдасы
Қаншалықты дұрыс тамақтансақ, денсаулығымыз соншалықты мықты болмақ. Дұрыс тамақтану қағидасын денсаулығына алаңдайтын әрбір адам білгені дұрыс.

Тамақтану сауаттылығының бес негізі:
1. Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (ақуыз, май, көмірсу)
2. Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (дәрумендер мен микроэлементтер)
3. Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4. Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5. Тамақтанудың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуы.
Дұрыс тамақтану пирамидасы

Азық-түліктік пирамида – бұл шегіністерге рұқсат бермейтін қатаң емдәм емес, оның міндеті таңдау жасауға көмектесу үшін қажет. Мысалы: жақсы дене бітіміне, психикалық және ақыл-ой пішініне және т.б.
Дұрыс тамақтану уақыты

Тамақтану режимі және құрамы төмендегі проценттік қатынас негізінде жүруі қажет:
- Таңертеңгілік ас 7.30 - 8.00 /25 %
- Таңертеңгілік ас 11.00 - 11.30 /10 %
- Түскі ас 14.00 - 14.30 /35 %
- Түстен кейінгі ас 16.30 - 17.00 /10 %
- Кешкі ас 19.00 - 20.00 /20 %
Тамақ ішер алдындағы санитарлық гигиена

Қолды жылы сумен және сабынмен жуу керек. Бұл организмді түрлі вирустардан сақтайды.