Тегін тамақтандыру » Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің
«№47 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7232) 60 84 86
Есепші бөлімі:
+7(7232) 60 84 86
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
сентябрь
2025

Тегін тамақтандыру

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 158 бұйрығы
Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1Көрсетілетін қызметті берушінің атауыОблыстардың, Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент
қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардың және облыстық маңызы бар
қалалардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары
2Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдеріӨтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1)  көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
  1. "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz (бұдан әрі-портал) арқылы жүзеге асырылады.
3Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
  1. көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 5 (бес) жұмыс күні;
  2. көрсетілетін қызметті берушіде құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
  3. көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
4Көрсету нысаныЭлектрондық (ішінара автоматтандырылған)\ қағаз түрінде
5Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіЖалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдікпен
тамақтандыруды ұсыну туралы анықтама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі және
сақталады.
6Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдеріТегін
7Жұмыс кестесі
  1. көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және
мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
  1. порталда: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты
техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және
мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
 


  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;
  2. порталда: www.egov.kz.
8Құжаттар тізімікөрсетілетін қызметті берушіге:
  1. өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);;
  3. баланың ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АХАЖ АЖ) мәліметтер болмаған кезде) не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туылған баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  4. неке қию немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған кезде) не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде;
  5. мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі:
мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар
отбасылардан шыққан балалар үшін-көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар
ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын
отбасылардан шыққан балалар үшін-алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды
алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент
түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасында тұратын жетім балалар мен ата - анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар үшін-отбасында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау негізінде алқалы органның шешімі.
Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқада ұсынылады, содан кейін түпнұсқалар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
порталға:
1)  көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған
электрондық құжат нысанындағы өтініш;
  1. АХАЖ АЖ-да мәліметтер болмаған не Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың туу туралы куәлігінің электрондық көшірмесі;
3)  АХАЖ АЖ-да не Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде мәліметтер болмаған кезде некеге тұру немесе бұзу туралы
куәліктің электрондық көшірмесі;
  1. мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар
 


отбасылардан шыққан балалар үшін-көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар
ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама;
жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын
отбасылардан шыққан балалар үшін-алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды
алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыстары туралы, балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент
түріндегі табыстары туралы анықтама);
отбасында тұратын жетім балалар мен ата - анасының
қамқорлығынсыз қалған балалар үшін-отбасында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған
балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттары үшін - отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын зерттеп-қарау негізінде алқалы органның шешімі.
9Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген
мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
  1. көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе)
олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
  1. көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің "Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтердің білім алушылары мен
тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек
көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты және есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64
қаулысымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ отбасылардан шыққан білім беру мекемелерінен, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің
шамасынан төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар мен жетім балаларға, ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап
ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге;
3)  көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін
қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқығынан айырылуы.
10Мемлекеттік, оның ішінде
электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив