ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Жадыраған жазбен бірге балалардың демалысы да келіп жетті. Балалардың демалысын көңілді өткізу үшін, "# 47 жалпы білім беретін мектеп" КММ жанында жазғы сауықтыру лагері жұмыс жасайды. Лагерьдің әр күні қызыққа толы болмақ. Әр баланың уақытын тиімді өткізу үшін арнайы жоспар құрылды. Лагерь таңғы сағат 8.30 - дан 16.30-ға дейін жұмыс жасайды. Балалар үш уақыт тамақпен қамтылады. Сонымен қатар үш тілде тартымды танымдық ойындар өткізіледі. Балалар осы онкүндікте қызықты квест ойындарын ойнайды, әсем қалаға саяхат жасайды, театрдың қызықты қойылымдарын тамашалайды, теплоходпен серуендейді. Демалумен бірге денені шынықтырып отырамыз. "Көңілді старт", "Мен желаяқпын" эстафеталық жарыстар да өткізіледі. Лагерьде үш уақыт тамақ пен бірге тіл үйірер тәтті балмұздақтар болады. Балалардың демалысы тиімді өту үшін барлық жағдай жасалған.