Құқықбұзушылықтың алдын алу
ҚТІБ СБ полиция майоры Н.Бақытбекқызы 9-11 сынып оқушыларына «Әкімшілік жауапкершілік», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар», «Шылым шегу, алкогольді ішімдіктер», «Интернет алаяқтық», «Жол жүру ережелері», «Буллингтің алдын-алу», «Балаларға қатысты зорлық- зомбылықтың алдын алу» тақырыптарында және түнгі уақытта жүру, мектеп ережесі профилактикалық сипаттағы, жазғы демалыс уақытындағы қауіпсіздік шаралары, электро самокатты пайдалану ережесі, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау тәртібі, вейпке байланысты қабылданған жаңа заңды түсіндіру дәрістерін оқып таныстырып өтті.
Құқық бұзушылық – бұл қоғамға қарсы әрекет. Қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Жас ұрпаққа құқықтық тәрбие беру арқылы оларды дұрыс жолмен жүруді үйретеміз. Жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті арттыру өте маңызды. Құқықтық сауаттылықты арттыру құқықтық тәрбиемен келеді.