22
сентябрь
2025
Білім беру ұйымындағы Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы
Білім беру ұйымындағы Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы
Құрметті ата-аналар мен мектеп қауымдастығы!Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 мамырдағы №319-III «Білім туралы» Заңының 51-бабына және Қамқоршылық кеңес қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, №47 жалпы білім беретін мектеп жанындағы Қамқоршылық кеңестің үш жылдық өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты оның өкілеттігі тоқтатылды.
Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру мақсатында ұсыныстар қабылдау жүргізіледі.
Ұсыныстарды келесі санаттағы тұлғалар ұсына алады:
жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;
жұмыс берушілер мен әлеуметтік серіктестер;
қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері (болған жағдайда);
әр параллель бойынша ата-аналар комитетінің ұсынуы негізінде бір ата-ана немесе заңды өкіл;
демеушілер мен меценаттар (болған жағдайда).
Қамқоршылық кеңес мүшелері өз өкілеттіктерін ерікті және ақысыз негізде жүзеге асырады.
Мектеп әкімшілігі
ШҚО, Өскемен қаласы, №47 жалпы білім беретін мектеп
2025 жыл